Ағымдағы жылдың 31.03.2026 ж Ақтөбе облыстық ғылыми - әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес №39 «Достық» бөбекжай - балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Ерте кәсіптік бағдар беру - мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты»тақырыбында облыстық коучинг өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директорының орынбасары Жалғас Нұрлыгүл Жалғасқызы « Ерте кәсіптік бағдар беру - мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты» тақырыбында коучингке келген қонақтарға дәріс берді.

№39 «Достық» бөбекжай - балабақшасының әдіскері Абдуллина Назира Тайбасқызы «Ерте кәсіптік бағдар беру - мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының өзекті әрі маңызды бағыты» туралы айтып өтті.Қазіргі қоғамда баланың жан - жақты дамуы мен болашақта өз орнын табуы - білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі.Осы тұрғыдан алғанда,ерте кәсіптік бағдар беру мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының маңызды әрі өзекті бағыты болып табылады.Ерте кәсіптік бағдар беру - бұл балаларды әртүрлі мамандықтар әлемімен таныстыру,олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағытталған жүйелі жұмыс.Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілеті,қиялы,қызығушылығы қарқынды дамиды.Сондықтан дәл осы кезеңде балаға еңбек туралы алғашқы түсініктерді беру өте маңызды. Ерте кәсіптік бағдар беру - баланың тұлғалық дамыуының маңызды бөлігі.Мектепке дейінгі ұйымдарда бұл бағытты жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы біз еңбекқор,жауапты ,өз қабілетін түсінетін тұлға тәрбиелей алатынымыз туралы сөз қозғады.

№2«Бұлбұл»балабақшасының тәрбиешісі Кулькушева Гульсум Васильевна, Медведьеева Елена Александровна«Совреманные подходы к ранней профориентации детей дошкольного возраста» тақырыбында төмендегідей бөліктерге бөліп

 * ашық сұрақтар арқылы проблемалық жағдай қалыптастыру;

 * метафора және сіздің жеке тәжірибеңіз;

 * біздің кәсіби міндеттеріміз:

 * ойын,рол,проблемалық жағдай,шешім

 * қорытынды,рефлексия туралы сұрақ жауап әдісімен түсіндіріп өтті.

№39«Достық» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі Кайсанова Анаргуль Нуртолеуовна «Игровые практики формирования представлений о професии швеи у дошкольников» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. «Тігінші құралдарын жина», «Ілгекті тік» , «Тігінші» ойындарын балалармен ойналды. Балалар тігінші мамандығы туралы түсінік алады,ұсақ моторикасы дамиды,түстерді ажыратады,шығрамашылық қабілеттері артады,бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

№39 «Достық» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі Чепигина Викория Алексеевна «Мир ювелирного мастерства глазами дошкольника» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. «Ювелирная мастерская» сюжетті ролді ойынды балалармен бірге ойналды,күтілетін нәтижесі талқылап өтті. Балалар зергер мамандығы туралы түсінік алады,ұсақ моторикасы дамиды,түстерді сәйкестендіру дағдысы қалыптасады,шығармашылық және эстетикалық талғамы артады,қарым - қатынас дағдылары дамитыны туралы түсінік берді.

№39 «Достық» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі Криштова Кристина Вальеревна «Юнные автомеханики» сюжеттік ролді ойын ойналды.Балалар бұл ойында мамандықтар туралы түсінік алады.Құралдарды дұрыс қолдануды үйренеді,бірлесіп жұмыс жасау дағдысы қалыптасады,қиялы және шығармашылығы дамитынын түсіндірп өтті.

№39 «Достық» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі Ажмуратова Назира Мусеновна «Өрт сөндірушілер» сюжеттік ойынын балалармен бірге өз тәжірибесімен бірге бөлісті.Балаларда өрт сөндірушілер туралы түсінік қалыптасады,батылдық ұйымшылдық қасиеттері дамиды,рөлдік ойын арқылы сөйлеу дағдылары жетіледі,төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету үйренетінін түсіндіріп өтті.

№ 19«Бұлақ » балабақшасының тәрбиешісі Ажмаганбетова Лида Абиловна «Әжемнен қалған асыл мұра» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.Балалармен жүннен жасалған түрлі заттармен жасалу жолдарын көрсетті.

№19«Бұлақ» балабақшасының тәрбиешісі Тулеуова Ардак Абилазизовна, Кожахметова Нургуль Аяпова«Тігін өнерінің ғажайыбы» тақырбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

№ 2«Бұлбұл» балабақшасының әдіскері Ахметова Гаукар Койлыбаевна «Инсайттар дөңгелегі» тақырыбында рефлексия жасады.

Коучингті Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері қортылады.


Ағымдағы жылдың 27.02.2026 ж Ақтөбе облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес № 39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Тілге бойлау бағдарламасын іске асыру арқылы білім беру сапасын арттыру» облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі п.ғ.магистрі Искендирова Аяш Абдимахановна «Тілге бойлау бағдарламасын іске асыру арқылы білім беру сапасын арттыру» семинарға келген қонақтарға дәріс берді.

№39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Амирова Гульжан Тынышовна қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде тілдік құзыреттілікті дамыту басты міндеттерінің бірі.Баланың ерте жастан тілге бейімделіуі оның ойлау қабілетінің қарым-қатынас мәдениетінің оның ойлау қабілетінің қарым-қатынас мәдениетінің және жалпы тұлғалық дамуының негізін қалайды. Балабақшада бұл бағдарламаны іске асыру барысында келесі бағыттар жүзеге асырылады :

Тілдік ортаны қалыптастыру: ойын арқылы оқыту; көрнекілік пен тәжірибеге негізделу; ата-анамен бірлескен жұмыс; педагогтардың кәсіби шеберлігі.Осы бағдарламаны жүйелі түрде жүзеге асыру нәтижесінде :

  • Балалардың сөздік қоры молаяды ;
  • байланыстырып сөйлеу дағдылары дамиды;
  • тілге деген қызығушылығы артады;
  • қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады;
  • білім сапасы артады.

Қортындылай келе,тілге бойлау бағдарламасы-мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын арттырудың тиімді құралдарының бірі. Бұл арқылы біз баланың тек тілін ғана емес,оның жан-жақты дамуына ықпал етеміз.

№ 14 «Қонжық» бөбекжай балабақшасы ның қазақ тілі мұғалімі Арғынбай Мәдина Оралбайқызы «Мнемотехника арқылы балалардың сөздік қорын дамыту» балалардың ақпаратты қабылдау,өңдеу және есте сақтау процесін жеңілдету.Мнемотехника тәсілінің тиімділігі,дамытуға көмектесетінін,тілдік жаттығулар,кесте арқылы түсіндіруді көрсетті.

№ 26«Үміт» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Қарасартова Д.С «Тілге бойлау жобасы: дәстүрлі әдіс пен жасанды интеллект үйлесімі» жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы балаларды қазақ тілін меңгеруін жеңілдету қызығушылығын арттыру және тілдік орта қалыптастыруын айтып өтті. ЖИИ -дің мүмкіндіктері:оқу материалдарын жылдам әзірлеу,жеке оқыту траекториясы,нтерактивті ойындар,сөйлеуді дамыту түсіндіріп өтті.

№39 «Достық» бөбекжай- балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Мусина Асылгүл Ержанқызы «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету барысында ұлттық ойындардың маңызы» балалардың сөздік қорды байыту, диалогқа түсіру, ұлттық қүндылықтарды нығайтуда «Бестемше» , «Асық жинау» , «Бескеней» ойындарын ұйымдастырылған іс-әрекеттерін де қолданатынын көрсетті.

№ 19 «Бұлақ» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Дүйсекешева Кенжегуль Рахметжановна «Сырлы қоржын-ұлттық ойын мекені» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұлттық ойындарды тиімді қолдану арқылы балалардың тілдік,танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамыту жолдарын тәжірибе жүзінде көрсету. Ұлттық құндылықтарды насихаттап,педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру,озық тәжірибе алмасуына жағдай жасауға болатынын айтып өтті.

№ 8«Балбөбек» мектепке дейінгі ұйымы қазақ тілі мұғалімі Ахметова Мая Нұралықызы «Ой мен ойын арқылы тілге бойлау» тақырыбында ЖИ қолдана отырып балаларға ертегінің желісінің соңын достыққа шақыру туралы түсінік беріп кетті.


Ағымдағы жылдың 27.01.2026 ж Ақтөбе облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Жасанды интеллектіні мектепке дейінгі ұйымдарда енгізудің жолдары»тақырыбында облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері педагогика ғылымдарының магистрі Искендирова Аяш Абдимаханова және тақырыбында«BILIM QAZYNA» КММ бөлім меңгерушісі Ерекеева Күнсауле Исламгалиевна жасанды интеллектіні мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу семинарға келген қонақтарға дәріс берді.

№39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гульжан Тынышовна Амирова жасанды интеллект -мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тиімді енгізілсе, баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін инновациялық құрал. Ол оқу-тәрбие процесін жаңғыртып педагогтің шығармашылық әлеуетін арттырады, балалардың танымдық белсенділігін күшейтеді. Жасанды интеллект технологияларын сауатты қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымдар жаңа білім беру моделіне қадам жасап, тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру оразан зор үлесін қосатыны туралы сөз қозғады.

№3 «Ертегі» бөбекжай балабақшасы ның музыка жетекшісі Каримова Галима Амиржановна «VR технологиясымен жасанды интеллект арқылы балалардың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында музыка жетекшісі ұйымдастырылған- іс әрекеттерінде балалардың қызығышылығын арттыруда түрлі-әдіс тәсілдерді көрсетті.Көзілдірігін әр балаға кигізіп жайлауда жүрген үй жануарларының қасында жүргендей сезілетінін және де балалар сурет салғанда суреттері жанданып музыка сол суретке қарай судың,желдің,күннің шуағының дыбыстары естілетінін көрсетті.

№36«Балақай» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Хамзина Баксулу Еркиновна «AR технологиясы негізіндегі сөйлейтін 3D текше» педагогтерге ұйымдастырылған-іс әрекеттерінде текшелерге орналасқан мамандықтар туралы айтып өтті. Кюар код арқылы мамандықтардың суретіне басқанда сол маман иесі туралы мағлұмат беретінін айтып өтті.

№39 «Достық» бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі Айткалиева Сандугаш Муратовна «Балабақшадағы ұйымдастырылған іс-әрекеттерде жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен қолдану жолдары» туралы айтып өтті. Жасанды интеллект арқылы тәрбиеші-бала-технология.Жасанды интеллект ақылды робот және балалардың ойлау қабілеті,қызығушылығы артады,логикасы дамитынын туралы айтып өтті. Суреттер берілді сол сурет бойынша тақпақ құрастырып,ЖИ арқылы тақпақтың дұрыс құрылымын көрсетті.

№29 «Арай бөбекжай-балабақшасының әдіскері Аманғосқызы Әсемгүл, «Жасанды интеллект-болашақтың көмекшісі» Жасанды интеллектінің пайдаланудың жолдары әр чаттардың көмекші құрал ретінде пайдалануға болатынын және де суреттті жандандырып қимыл іс -әрекет жасауға күз мезгілінің суретін жандандырып өлең шумақтарын жасауға болатынын айтып өтті.

№49 «Думан» бөбөкжай-балабақшасының әдіскері Урынбасарова Акалтын Хайруллиновна «Мектепке дейінгі ұйым педагогының медиа сауаттылығы : цифрлық ортадағы кәсіби қызметі» Педагогтардың медиа сауаттылығы және цифрлық ортадағы кәсіби қызметі туралы түсінік беріп кетті.

№ 17 «Шұғыла» бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі Кунакбаева Алия Бакытовна, «Искусственный интеллект в детском саду: новые возможности для педагога» педагогтерге ЖИИ ұйымдастырылған іс -әрекеттерінде қолданудың жолдарын көрсетті.Ойындар

№15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Щербина Ольга Леонидовна «Применение искусственного интеллекта в организации здоровье сберегающей среды в дошкольной организации» дене тәрбиесі ұйымдастырылған іс-әрекеттерін балалармен ЖИ пайдаланып көңілді және әсерлі етіп жүргізуге болатынын көрсетті.

№ 25 «Ерке» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі Сагындыкова Алия Бакытовна, «Искусственный интеллекты музыкальном воспитании дошкольников: помощник педагога и зона ответственности» тақырыбында музыка жетекшісі ұйымдастырылған іс-әрекеттерде қандай әдіс -тәсілдер қолданылатынын және бірнеше ойындарымен тәжірибе алмасты.


13.12.2024ж. Батыс Қазақстан Облысынан мектепке дейінгі мамандар және облысымыз бойынша барлық мекетепке дейінгі мамандары №39 "Достық" бөбекжай-балабақшасына келіп,  құзыреттілік орталық жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.

Мамандарымыз «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру аясында аймақтық мектепке дейінгі тағылымдама мен тәжірибе алмасу дөңгелек үстелде іс-тәжірибесімен  бөліскені үшін Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығынан алғыс білдірілді.

Атауы Жүктеу
1 Госаттестация Уркимбаева 
2 Презентация Абилова
3 презентация Ажмуратова
4 Презентация Биманова
5 Презентация Дауева
6 Презентация Табышева
7 Отбасы жобасы
8 Презентация Телғарин

Атауы Жүктеу
1  Заттық дамытушы орта Семинар практикум 17.01.2024
2 Семинар бағдарламасы
3 Центры компетенции - мобильные группы
4 Семинар шкала ECERS-3
5 Тренинг
Тәжірибелік сағат
7 Құзыреттілік орталық



Атауы Жүктеу
1 Пресс релиз
2 Семинар
3 Презентация экология